Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа 35 жыл толуына орай өткізілген іс-шаралар туралы мәлімет
Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа 35 жыл толады. Бұл — келтірген залалы мен салдары жөнінен ХХ ғасырдағы ең ірі техногендік радиациялық апат.Чернобыль атом электр станциясындағы 1986 жылғы 26-сәуірдегі апатты жоюға 600 мыңға жуық адам қатысты. Оның ішінде химиялық қорғау полкі құрамындағы 32 мың қазақстандық болды. Украин халқы Чернобыль апатының зардабын жоюшылардың бәріне әлі күнге зор ризашылықпен алғыс айтады. Олар өз денсаулығы мен өмірін қиып, украин халқының басына ауыр күн туғанда қасынан табылып, көмек көрсетті. Чернобыль апаты күллі адамзаттың қасіретіне айналды. Онда қазір радиация деңгейі төмендегенмен, қорғаныс шаралары әлі сол қалпында қалып отыр.
Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан мыңдаған біздің отандастарымыздың ерлігі мен жігері болмаса, апаттың ауқымы одан да үлкен болуы ықтимал еді. Олар өмірлерін, денсаулықтарын пида етіп, өз борыштарын орындады, адамдарды радиацияның зиянды әсерінен қорғады, радиацияның әрі қарай таралуына тосқауыл болды.
Осы апаттан зардап шеккендерді және келтірілген зиян салдарын еске алу мақсатында мектепте қашықтық форматта бірнеше іс-шара өткізілді. Шара барысында мектептің оқушылары Чернобыль апатына арналған «Жер шараның экологиялық қауіпсіздігі» тақырыбында суреттер салып, 1-11 сыныптарында «Чернобыль жаңғырығы», «Чернобыль - қайғылы апат», «Чернобыль апаты кеше, бүгін, ертең.....», «Чернобыль - бұл трагедия, ерлік, ескерту», «Слезы Чернобыля» тақыптарында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарында Чернобль апаты туралы қысқаша деректі фильм мен бейнесюжеттер көрсетіліп, бұл апаттың қалай болғанын, қандай зиян келтіргендігі туралы ақпарат берді. Әрине, бұл қайғылы оқиғалар қазір өткен күннің бір елесі болып қалуда. Бірақ, оны ешқашанда ұмытпауымыз керек. Жас ұрпақ басқа адамдардың жасаған қателіктерінен сабақ алып, балаларын, өздерін, келешек ұрпақты осындай оқиғалардан қорғауы тиіс.



























