Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне байланысты мектебімізде онлайн қашықтық концерт ұйымдастырылды.
21 наурыз – көктемгі күн мен түннің теңелу күні. Қытымыр аяз бен қара суықтың орнына көктемгі жайма-шуақ ауа райы орнап, мыңдаған шақырымды еңсерген құстар аяулы ұяларына қайтып оралатын, тіршілік атаулы жанданып, мұз құрсауында қалған өзен-көлдер еріп, қуаттана түсетін осынау берекелі маусым - түркі халықтарының ғасырлар бойы тойлап келе жатқан басты қуанышы - Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне байланысты мектебімізде онлайн қашықтық концерт ұйымдастырылды. Концерт барысында оқушыларға ата-бабамыздың, қазақ халқымыздың салтдәстүрі көрсетіліп, соңы ән мен биге ұласты. Бір сөзбен айтқанда, Наурызды қайда және қалай тойласаңыз да ұмытылмас әсерлерге кенеліп, керемет көңіл-күйге бөленеріңіз айдан анық.
Іс-шара мазмұнды әрі мағыналы болды.



















