Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының (МЖМБС) ерекшеліктерін түсіндіру бойынша онлайн форматта ақпараттық-түсіндіру жұмыстары
2025 жылы 5 мамырда педагог-шебер Жакыпбекова Мархабат Токтарбековна Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің «Б.Майлин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне арнап Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының (МЖМБС) ерекшеліктерін түсіндіру бойынша онлайн форматта ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды. Мақсаты жаңартылған стандарттардың мазмұнын, құрылымдық ерекшеліктерін және білім беру процесіне енгізілетін өзгерістерді педагогтерге нақты әрі түсінікті түрде жеткізу. Ақпараттық- түсіндіру жұмыстары барысында М.Т. Жакыпбекова жаңа МЖМБС талаптарының оқыту әдістемесіне әсері, оқушылардың білімін бағалау жүйесіндегі жаңалықтар және оқу бағдарламаларын бейімдеу жолдары туралы баяндама жасады. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, тәжірибе алмасу алаңы ұйымдастырылды.








