RU KZ

«1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні» және Халыққа еңбегі сіңген емші, ұстаз Омархан қари Қажыұлы Қазыбай қари жүлдесіне арналған аудандық волейбол турнирі қорытындысы.

2023 жылдың 27-28 сәуір аралығында № 4 орта мектебінің спорт залдарында білім қызметкерлері арасында «1 мамыр -Қазақстан Халықтарының бірлігі» күні мерекесіне және Халыққа еңбегі сіңген емші, ұстаз Омархан қари Қажыұлы Қазыбай қари жүлдесіне арналған волейболдан жарыс өткізілді.
Ашылу салтанатында мектеп директоры Қ. Тастанбеков, ардагер ұстаз Ж.Мухаметкалиева, атамыздың ұлы Шынболат ұстаздарды, қатысушыларды «1 мамыр Қазақстан халықтары бірлігі» күні мерекесімен құттықтап, ұстаз Омархан қари Қажыұлы Қазыбай қариды еске алуға арналған жарысқа қатысушыларға және алыстан ат терлетіп келген командаларға сәттілік тіледі. Қатарынан он үшінші рет өткізілген жарысты № 4 орта мектебінің директоры Қ.Тастанбеков бастаған ұжым үнемі жоғарғы дәрежеде өткізуде деген баға берілді.! Мектеп әртістері ән айтып, әдемі әсем би орындап, қатысушыларға жақсы көңіл – күй сыйлады.
Жарыстың бас төрешісі Е. Игисинов жарыстың өту барысымен таныстырды. Жарысқа 14 команда қатысатынын, ақтық ойындарғы шығу ережесін түсіндірді.
Жиыны 14 команда жарыс жолына шығып, мықтыларды анықтады.
Командалар 4 топқа, жеребе арқылы бөлінді. Ақтық ойындарға мектебіміз жолдама алып, жүлделі орындарды сарапқа салды. Ақтық ойында мектебіміздің командасы жақсы өнер көрсетіп, ІІІ орынды иеленді. «Үздік қорғаушы» - А.Кайранбаева(#4 ЖОББараласМ) танылды. Бас төрешісі Е.Игисинов, арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер және үздік ойыншылар Қазыбай қаридың ұлдарының арнайы әкелген кубоктарымен, медальдармен, бағалы сыйлықтармен, аудандық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталды. Талай жыл ауданымызда салауатты өмір салтын насихаттаудағы еңбектері үшін Қазыбай қаридың ұрпақтарына алғысымыз шексіз.













Добавлено: 27-04-2023, 13:56
0
530

Добавить комментарий

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Наверх