«Оқушыларды ҰБТ–ға дайындау үрдісінде математика және информатика пәндерінің оқу бағдарламасындағы күрделі тақырыптарды оқыту ерекшеліктері» тақырыбында аудандық семинар өтті.
2023 жылдың 25 сәуірінде «Аягөз аудандық білім бөлімі» ММ оқу,ғылыми, ұйымдастырушылық, әдістемелік кабинеті математика және информатика пән бірлестігінің жылдық жоспарына сәйкес, әдіскер Тусипова Карлығаш Абильмансуровнаның ұйымдастыруымен «№4 жалпы орта білім беретін аралас мектебі» КММ-де «Оқушыларды ҰБТ–ға дайындау үрдісінде математика және информатика пәндерінің оқу бағдарламасындағы күрделі тақырыптарды оқыту ерекшеліктері» тақырыбында семинар өтті. Семинарда «№4 жалпы орта білім беретін аралас мектебі» КММ-нің математика және информатика пән ұстаздары өздерінің іс-тәжірибесімен бөлісті. Семнар мақсаты: Оқушыларды ҰБТ –ға дайындау үрдісінде оқу бағдарламасында кездесетін күрделі тақырытарды шешу жолдарының ерекшеліктерін меңгереді, пәндік білімін тереңдете отыра, логикалық ойлау қабілетін қалыптастырады. Семинар барысында көрсетілген практикалық сабақтар мен шеберлік сыныптар қызықты, жаңашыл түрде болды. Ұстаздар бір-бірімен тәжірибе алмаса отырып, өздерінің жұмыс жасау үдірістерін жаңа әдістермен , есептің түрлі шығару тәсілдерімен толықтырды.



















