Дублер күні туралы ақпарат
Абай облысы білім басқармасы Аягөз ауданы білім бөлімінің
«№4 жалпы орта білім беретін аралас мектебі» КММ -де «ДУБЛЕР» күні өтті. Осы күні мектеп парламентінің өзін-өзі басқару ұйымы мен 9-11 сынып оқушылары барлық сабақтарда мұғалімдерді алмастырды. Осы жауапты іс-шараға балалар көп дайындалды: олар мұғалімдердің басшылығымен сабақ кестесін құрып, әр сабақтың жоспарын жазды. Тәңертеннен бастап мектепте ерекше атмосфера орнап, мұғалімдерді күтіп алудан және құттықтаудан басталды. Ұстаздар қауымын құттықтау үшін мектептің өзін-өзі басқару ұйымы мен белсенді жастары ұйымдастырды. Осы күні мектептегі тәртіп биік деңгейде болды. Дублер күні - бұл оқушылар нағыз мұғалімдер бола алатын күн, сабақтарды жүргізудің маңызды екендігін сезіне алады. Күн қорытындысы бойынша дублер болған оқушылар жиналыс өткізіп, әр қайсысы өз пікірлерімен бөлісті және мұғалім болу тек қана қиын емес, қызықты екен деген ортақ ойға келді.
https://www.instagram.com/reel/CjQcudnoAks/?utm_source=ig_web_copy_link
https://www.instagram.com/reel/CjLiI-toSil/?utm_source=ig_web_copy_link